Алматыдағы бағдарламашыларына арналған митаптар

Талқыланатын тақырыптар

Тестілеу

Өткен митаптар

AlmatyJS Popup #2 — AI, локалды модельдер және веб-бағдарламалауға басқа қырынан қарау

2026 жылғы 30 мамыр

AlmatyJS Popup — тәжірибе алмасып, сұрақ қойып, еркін пікірлесуге арналған шағын кездесулер сериясы.

Бұл жолы Зенков көшесі, 17 мекенжайындағы Hy.gge Specialty Bar-да бас қостық. Кофе ішіп, жаңа адамдармен танысып, екі қызықты тақырыпты талқыладық. Instagram парақшасы.

Локалды AI модельдерін қолданып, шығынды қалай азайтуға болады? — Саид Авхадеев. Локалды AI модельдері қай кезде шығынды азайтуға көмектеседі? Оларды бағдарламалауда қалай қолдануға болады? Қандай артықшылықтары мен шектеулерін ескерген жөн? Осы сұрақтарды талқыладық.

Веб-бағдарламалауға басқа қырынан қарау — Мағжан Біргебайұлы. Веб-бағдарламалауға тек бағдарламашылардың емес, өнім мен бизнес мамандарының, пайдаланушылардың және басқа инженерлік бағыттағы мамандардың көзімен қарап, олардың көзқарастарын талқыладық.

Қонақтарды қарсы алу: 10:30 — нетворкинг және кофе. Басталуы: 11:00.

AlmatyJS Light #8 × Bereke Bank

2026 жылғы 16 сәуір

Bereke Bank-пен бірлесіп өткізген сегізінші AlmatyJS Light кездесуінде екі баяндама тыңдап, жаңа адамдармен таныстық. Іс-шара Q бизнес орталығындағы өзімізге таныс алаңда өтті. Кештің басты тақырыбы — нейрожелілердің еңбек нарығына әсері туралы панельдік пікірталас. HR мамандарымен және қызметкерлерді іріктейтін менеджерлермен ашық сөйлесіп, нақты тәжірибелер мен өзекті мәселелерді еркін форматта талқыладық. Қонақтарды қарсы алу: 18:30. Тіркелу жабық.